Сумен жабдықтау желілерін ауыстыру жұмыстары жалғасуда

Image

Сумен жабдықтау желілерін ауыстыру жұмыстары жалғасуда

«Aqtobe su-energy group» АҚ инвестициялық бағдарламасы аясында Орынбор көшесінің Мұңайшы көшесінен Гастелло көшесіне дейінгі аралығында су құбыры желілерін жаңарту жұмыстары жүргізілуде. Жобаның жалпы ұзындығы – 740 метр, диаметрі – 150 мм.

Бұл жоба сумен жабдықтау жүйесінің сенімділігін арттыруға және тұтынушыларға көрсетілетін қызмет сапасын жақсартуға бағытталған. Жөндеу жұмыстарын мердігер ұйым – «Ulytau Building» ЖШС заманауи горизонталды бағыттағы бұрғылау (ГНБ) әдісімен атқаруда. Бұл тәсіл жер қазу жұмыстарын азайтып, жол жабындыларын сақтап қалуға және жұмысты жылдам орындауға мүмкіндік береді.

Жаңартылып жатқан желілерге жоғары беріктікке ие, коррозияға төзімді әрі ұзақ мерзімге шыдамды полиэтилен құбырлары қолданылуда.

Бөлісу: