Алдын алу шаралары
2025 жылғы 17–23 мамыр аралығында «Aqtobe su-energy group» АҚ Су инспекциясы бөлімі тұрғындардың сумен жабдықтау жүйелерін пайдалану ережелерін бұзуын анықтау мақсатында кезекті рейдтік іс-шаралар жүргізді.
Тексеру жұмыстары Ақжар мен Сазды орман шаруашылығы, Ақжар-2, Ақжар-Плюс және «ВзрывПром» т/а қамтыды. Үй-үйді аралау барысында 15 құқықбұзушылық фактісі тіркелді. Атап айтқанда:
– жасыл желектерді суару тәртібінің сақталмауы,
– сумен жабдықтау шарттарының болмауы,
– «Aqtobe su-energy group» АҚ жүйесіне рұқсатсыз қосылу.
Барлық бұзушылықтар бойынша тиісті актілер толтырылып, белгіленген тәртіппен шаралар қабылданды.
«Aqtobe su-energy group» АҚ тұрғындарды сумен жабдықтау және су бұру жүйелерін пайдалану ережелерін қатаң сақтауға, сондай-ақ жасыл желектерді жаз мезгілінде тек су есептегіш құралдары болған жағдайда, сағат 23:00-ден 05:00-ге дейін суару графигін ұстануға шақырады.
Мұндай профилактикалық іс-шаралар алдағы уақытта да тұрақты түрде жүргізілетін болады.