Резервуарды шаю

Image

Резервуарды шаю

Бүгін «Aqtobe su-energy group» АҚ мамандары «СТҚ» (су тазарту құрылғылары) аумағында КАО Илосос техникасын пайдалана отырып, резервуарларды жуу жұмыстарын жүргізді.

Илосос - бұл шламды және басқа сұйық қалдықтарды тазартуға арналған арнайы құрылғы. Жуғаннан кейін жұмысты санитарлық-эпидемиологиялық бақылау және ұйымның зертханасы тексереді. Аталған тексеріс аяқталғаннан кейін резервуар залалсыздандырылады және шайылады, таза сумен толтырылады.

Жұмыс барысында сумен жабдықтауға ешқандай шектеулер болған жоқ, сумен жабдықтау әдеттегідей жүзеге асырылды.

Бөлісу: