Жертөлелерді тексеру

Image

Жертөлелерді тексеру

Ибатов көшесіндегі №55 және №57 үйлердің тұрғындарының өтініші бойынша «Aqtobe su-energy group» АҚ инспекторлары жертөлені, сондай-ақ бірқатар пәтерлерді тексерді.

Тексеру барысында үйлерге жылу беру штаттық режимде жүзеге асырылып отырғаны, температуралық көрсеткіштердің нормативтерге сәйкес екені анықталды: жылу беру температурасы — 83,6 °C, кері құбырдағы температура — 50,2 °C.

Сонымен қатар, жертөледе есепке алу құралы орнатылған жерде диаметрі 32 мм болатын құбыр анықталды. Осыған байланысты есепке алу құралындағы құбыр диаметрін ұлғайту жөнінде ұсыным берілді.

Сондай-ақ бірнеше пәтерде температура тексеріліп, тексерілген барлық тұрғын үй-жайларда температуралық режим белгіленген нормаларға сәйкес екені анықталды.

Бөлісу: