17.08.2024
Дебиторлық берешекті өндіріп алу мақсатындағы тексеру әрекеттері
“Aqtobe su-energy group” АҚ мамандары жеке сот орындаушыларының өкілдерімен бірлесіп дебиторлық берешекті өндіру мақсатында тексеру іс-шараларын жүргізуді жалғастыруда.
Бүгінгі таңда 4200-ден астам абоненттің қарызы бар екені анықталды. Алынған коммуналдық қызметтер үшін ақы төленбеген жағдайда абоненттер біздің қызметтерімізден айырылады.
Абоненттерден коммуналдық қызметтер үшін уақтылы ақы төлеуді және әр айдың 25-іне дейін есепке алу аспаптарының көрсеткіштерін өз агенттеріне беруді сұраймыз.