Сумен жабдықтау желілерін жаңарту жұмыстары

Image

Сумен жабдықтау желілерін жаңарту жұмыстары

«Aqtobe su-energy group» АҚ инженерлік желілердің тозуын азайту мақсатында өз күштерімен су құбыры желілерін жаңарту жұмыстарын жалғастыруда.

Ақтан батыр көшесінде жұмыстар жалғасуда. Жалпы ұзындығы 270 метр болатын, диаметрі 160 мм полиэтилен құбыры ауыстырылуда.

Бұл жоба сумен жабдықтау жүйесін жаңғыртудың кешенді жоспарына енгізілген. Негізгі мақсаты – инженерлік желілердің сенімділігін арттыру мен тұрғындарға көрсетілетін қызмет сапасын жақсарту.

Жаңарту барысында заманауи полиэтилен құбырлары қолданылды. Олар жоғары беріктігімен, коррозияға төзімділігімен және ұзақ мерзімді қызмет етуімен ерекшеленеді.

Бөлісу: