Асфальт жабындарын жөндеу жұмыстары

Image

Асфальт жабындарын жөндеу жұмыстары

«Aqtobe su-energy group» АҚ жөндеу-құрылыс учаскесінің мамандары бұрын жер қалпына келтіру жұмыстары жүргізілген учаскелерде асфальт жол жабындысын қалпына келтіру бойынша белсенді жұмыстарды жалғастыруда.

Бүгін Керей хан, Жүргенов көшелері, сондай-ақ Асау-барақ көшесі бойында учаскелер қалпына келтірілді. Қалпына келтірілген учаскелердің жалпы ауданы 100 шаршы метрден астам. Бұл жұмыстар қала көшелерінде көлік қозғалысы мен жаяу жүргіншілердің қауіпсіздігі мен жайлылығын қамтамасыз етуге бағытталған.

Естеріңізге сала кетейік, мұндай мәліметтерді тәулік бойы жұмыс істейтін апаттық-диспетчерлік қызмет телефон арқылы қабылдайды:

• 59-52-60
• 55-81-69
• 54-19-19
• 56-36-87

Сондай-ақ, сіз бізге телеграм-чат және Instagram парақшасы @aqtobesu арқылы хабарласа аласыз. Біз әрқашан байланыстамыз!

Бөлісу: