Сумен жабдықтау желілерін ауыстыру жұмыстары

Image

Сумен жабдықтау желілерін ауыстыру жұмыстары

«Aqtobe su-energy group» АҚ инвестициялық бағдарламасы аясында Бейбітшілік даңғылы бойында (Маресьев көшесінен Т.Рысқұлов көшесіне дейінгі аралықта) су құбыры желілерін жаңарту жұмыстары жалғасуда. Жобаның жалпы ұзындығы – 800 метр.

Бұл жоба – сумен жабдықтау жүйесінің сенімділігін арттырып, қызмет көрсету сапасын жақсартуға бағытталған кешенді жаңғырту жоспарының бір бөлігі. Жөндеу жұмыстарын мердігер ұйым «Актобеспецстрой» ЖШС заманауи горизонталды бағыттағы бұрғылау (ГНБ) әдісімен жүргізуде. Бұл технология жер қазу көлемін азайтып, жол жабындыларын сақтауға және жұмыстарды жылдам аяқтауға мүмкіндік береді.

Ауыстырылып жатқан құбырлар – жоғары беріктігімен, коррозияға төзімділігімен және ұзақ мерзімді қызмет етуімен ерекшеленетін заманауи полиэтилен материалдарынан жасалған.

Бөлісу: