Сумен жабдықтау желілерін ауыстыру жұмыстары
«Aqtobe su-energy group» АҚ инженерлік желілердің тозуын азайту мақсатында өз күштерімен су құбыры желілерін жаңарту жұмыстарын жалғастыруда. Қазіргі уақытта жұмыс Гарнизон көшесінен Бершүгір көшелеріне дейінгі аралықта жүргізілуде. Жоспар бойынша диаметрі 160 мм болатын 510 метр құбыр ауыстырылады.
Бұл жоба сумен жабдықтау жүйесін жаңғыртудың кешенді жоспарына енгізілген және басты мақсаты – инженерлік желілердің сенімділігін арттыру мен тұрғындарға көрсетілетін қызмет сапасын жақсарту.
Жаңарту барысында заманауи полиэтилен құбырлары пайдаланылуда. Олар жоғары беріктігімен, коррозияға төзімділігімен және ұзақ мерзімді қызмет етуімен ерекшеленеді. Бұл өз кезегінде су құбыры желілерінің ұзақ жылдар бойы үздіксіз әрі қауіпсіз пайдаланылуын қамтамасыз етеді.