28.11.2025
Ауыз суды ұқыпты пайдалану – әрқайсымыздың ортақ жауапкершілігіміз.
Инженерлік желілерге түсетін жүктеме артып отырған кезде су ресурстарын тиімді пайдалану ерекше маңызды.
Тіс жуғанда немесе қол сабындағанда суды босқа ағызбаңыз.
Үнемді крандарды қолданыңыз – су шығынын 40%-ға дейін азайтады.
Ішкі желілердің жағдайын бақылап отырыңыз, уақытылы жөндеу жасырын ағып кетулердің алдын алады.
Тұрмыстық техниканы тиімді пайдаланыңыз – кір жуғыш пен ыдыс жуғыш машиналарды толық жүктемемен қосыңыз.
Аулада немесе учаскеде ағып жатқан суды қалдырмаңыз, кез келген ақауды дереу жою қажет.
Цифрландыру бізге жаңа мүмкіндіктер береді:
есептегіш көрсеткіштерін онлайн жіберу,
суды тұтынуды қашықтан бақылау,
қысым мен сапаны автоматты мониторингтеу.
Суға ұқыпты қарау – әр үйдің және бүкіл қаланың болашағына қосқан үлес.
