Инвестициялық бағдарламаны іске асыру

Image

Инвестициялық бағдарламаны іске асыру

«Aqtobe su-energy group» АҚ Ақтөбе қаласындағы инженерлік желілердің тозуын азайтуға бағытталған инвестициялық бағдарламаны жүзеге асыруды жалғастыруда. Ағымдағы жылға жоспарланған іс-шаралар аясында су құбыры желілерін ауыстыру бойынша ауқымды жұмыстар жүргізілуде.

Жалпы жаңғыртылатын желілердің ұзындығы 19 000 метрді құрайды, оның ішінде 16 000 метрі инвестициялық бағдарлама шеңберінде ауыстырылса, қосымша 3 000 метрі кәсіпорынның өз күшімен жүргізіліп жатқан күрделі жөндеу жұмыстарына тиесілі.

Атқарылып жатқан жұмыстар сумен жабдықтау жүйелерінің сенімділігін арттыруға, қалалық инфрақұрылымды жақсартуға және тұрғындардың өмір сүру сапасын көтеруге бағытталған. Суық су беру барысында шектеулер қарастырылмаған, ал жұмыстар толық аяқталғаннан кейін аумақ толықтай қалпына келтіріледі.

«Aqtobe su-energy group» АҚ уақытша келтірілуі мүмкін қолайсыздықтар үшін кешірім сұрай отырып, тұрғындардың түсіністігі мен қолдауы үшін алғыс білдіреді.

Бөлісу: