Рейдтік оқиғалар
«Aqtobe su-energy group» АҚ Су инспекциясы бөлімі тұрғындардың сумен жабдықтау жүйелерін пайдалану ережелерін сақтауын бақылау мақсатында жүйелі түрде рейдтік іс-шаралар ұйымдастыруда.
Тексеру жұмыстары Жаңақоныс, Бірлік елді мекені, Ақжар, Сазды орман шаруашылығы, Ақжар-2, Ақжар-Плюс және «ВзрывПром» тұрғын алабын қамтыды. Үй-үйді аралау барысында 100 - ден астам құқықбұзушылық фактісі тіркелді. Анықталған негізгі заңбұзушылықтар:
– жасыл желектерді суару тәртібінің бұзылуы;
– сумен жабдықтау туралы шарттың болмауы;
– «Aqtobe su-energy group» АҚ жүйесіне рұқсатсыз қосылу.
Барлық фактілер бойынша тиісті актілер толтырылып, қолданыстағы тәртіпке сай шаралар қабылданды.
Кәсіпорын тұрғындарды сумен жабдықтау және су бұру жүйелерін пайдалану ережелерін қатаң сақтауға шақырады. Жасыл желектерді жаз мезгілінде тек су есептегіш құралдары орнатылған жағдайда және сағат 23:00-ден 05:00-ге дейін белгіленген график бойынша суаруға рұқсат етіледі.
Мұндай алдын алу шаралары алдағы уақытта да тұрақты түрде жалғасатын болады.