Есептеу құралдарын тексеру бойынша рейдтік іс-шаралар

Image

Есептеу құралдарын тексеру бойынша рейдтік іс-шаралар

Ағ. Жұбановтар көшесі, 302/40 мекенжайындағы нысанды тексеру барысында бұзушылықтар анықталды. Тексеру нәтижесінде дүкеннің су және кәріз жүйелері орталық желіге қосылғаны, бірақ заңды тұлға ретінде келісімшарттың жоқтығы, сондай-ақ есептеу құрылғыларындағы пломбалардың көрінбейтіні белгілі болды.

Аталған бұзушылықтар бойынша мамандар тиісті шаралар қабылдап, айыппұл салу үшін заң бөліміне тапсырылатын акт толтырылды.

«Aqtobe su-energy group» АҚ есепке алу құралдарын қосу және пайдалану ережелерін сақтау барлық тұтынушылар үшін міндетті екенін еске салады.

Бөлісу: