03.10.2024
Есептеу құралдарын тексеру бойынша рейдтік іс-шаралар
“Aqtobe su-energy group” АҚ мамандары есепке алу аспаптарын тексеру бойынша рейдтік іс-шараларды жүргізуді жалғастыруда.
Тайбеков, 56 («Те самые шашлычки» кафесі) мекен-жайы бойынша объектіні тексеру кезінде бұзушылықтар анықталды. Тексеру барысында орнатылған есептегіштен басқа, тағы екі қосымша құбыр желіге қосылған, бұл қатаң заң бұзушылық болып табылады. Сумен жабдықтау және кәріз жүйесі орталық жүйеге қосылған, алайда суық суды есептеу құралы жұмыс істемейтіні анықталды.
Аталған бұзушылықтар бойынша мамандар тиісті шаралар қабылдап, айыппұл салу үшін заң бөліміне тапсырылатын акт толтырылды.