08.10.2024
Есептеу құралдарын тексеру бойынша рейдтік іс-шаралар
Бүгін кезекті тексеру барысында 11 шағынауданы, 14А («Шұғыла» бөбекжайы) мекенжайы бойынша бұзушылықтар анықталды. Аталған мекеменің сумен жабдықтау және кәріз су бұру жүйесі орталық жүйеге қосылған, алайда импульстік есептегіш аспабы жұмыс істемейтіні және оның көрсеткіштері дұрыс емес екені, сонымен қатар есепке алу құралында пломба қойылмағаны анықталды.
Аталған бұзушылықтар бойынша мамандар тиісті шаралар қабылдап, айыппұл салу үшін заң бөліміне тапсырылатын акт толтырылды.