08.01.2025
Есептеу құралдарын тексеру бойынша рейдтік іс-шаралар
“Aqtobe su-energy group” АҚ мамандары есепке алу аспаптарын тексеру бойынша рейдтік іс-шараларды жүргізуді жалғастыруда.
Ж.Досмұхамедұлы көшесі, 39 мекенжайындағы нысанды тексеру кезінде бұзушылықтар анықталды. Тексеру нәтижесінде дүкеннің су және кәріз жүйелері орталық желіге қосылғаны, бірақ заңды тұлға ретінде келісімшарттың жоқтығы белгілі болды.
Аталған бұзушылықтар бойынша мамандар тиісті шаралар қабылдап, айыппұл салу үшін заң бөліміне тапсырылатын акт толтырылды.
«Aqtobe su-energy group» АҚ есепке алу құралдарын қосу және пайдалану ережелерін сақтау барлық тұтынушылар үшін міндетті екенін еске салады.