13.06.2025
«Жаманқұлов» қазандығының жылу желілері жаңартылуда
Теміржолшылар көшесінде орналасқан «Жаманқұлов» қазандығына тиесілі жылу желілерін қайта жаңарту жұмыстары жүргізілуде. Аталған жұмыстарды «BN-PROJECT» ЖШС мердігер ұйымы атқаруда.
Жалпы ұзындығы 530 метрді құрайтын құбыр ауыстырылып жатыр. Ыстық су беру тоқтатылмайды. Жұмыстар аяқталғаннан кейін абаттандыру толық көлемде қалпына келтіріледі.