02.07.2025
Ағ.Жұбановтар көшесінде жылу желілері жаңартылуда
«Aqtobe su-energy group» АҚ инвестициялық бағдарламасы аясында №2 желілік аудан бойынша жылу инфрақұрылымдарын жаңарту жұмыстары жалғасуда.
Қазіргі уақытта Ағ.Жұбановтар көшесінде ұзындығы 240 метр болатын ескі құбырлар жаңасына ауыстырылып жатыр. Жұмыстарды тәжірибелі мердігер – «Влад» ЖШС атқаруда.
Осыған байланысты 2025 жылғы 2 шілдеден 12 шілдеге дейін келесі мекенжайларда уақытша ыстық су беру шектеледі:
Ағ.Жұбановтар көшесі: 306, 306/1, 308, 308/1, 308/2
101 атқыштар бригадасы көшесі: 13, 13/1, 15А
Жөндеу жұмыстары аяқталғаннан кейін барлық аумақ қалыпқа келтіріліп, абаттандыру жұмыстары жүргізіледі.