01.07.2025
№2 желілік ауданының жылу желілері қайта жаңартылуда
Инвестициялық бағдарлама аясында №2 желілік ауданға қарасты 8 нысанда жылу желілерін қайта жаңарту жұмыстары жүргізілуде. Қазіргі уақытта осы нысандардың бірі – Гришина көшесінде, №1 мектеп аумағында орналасқан учаскеде құбырларды ауыстыру жұмыстары жүргізілуде.
Жөндеу жұмыстарына байланысты төмендегі мекенжайлар бойынша уақытша ыстық су беру шектеледі:
Гришина көшесі 72, 72/1, 72/2, 72Б, 74, 74/1, 72/3
Аталған жұмыстарды «Влад» ЖШС мердігер ұйымы атқаруда. Бұл учаскеде ұзындығы 88 метрді құрайтын жылу желісі жаңартылатын болады.
Жұмыстар толық аяқталған соң, аумақ қалпына келтіріліп, абаттандыру жұмыстары жүргізіледі.