Асфальт жабындарын жөндеу

Image

Асфальт жабындарын жөндеу

«Aqtobe su-energy group» АҚ жөндеу-құрылыс учаскесінің мамандары бұрын жер қалпына келтіру жұмыстары жүргізілген учаскелерде асфальт жол жабындысын қалпына келтіру бойынша белсенді жұмыстарды жалғастыруда.

Бүгін Әбілқайыр хан даңғылындағы (облыстық әкімдіктің тұрағы), сондай-ақ Есет батыр мен Тургенев көшелеріндегі құдықтардың айналасындағы учаскелер жөнделді. Жөнделген учаскелердің жалпы ауданы 150 шаршы метрден асты. Бұл жұмыстар қала көшелерінде көлік қозғалысы мен жаяу жүргіншілердің қауіпсіздігі мен жайлылығын қамтамасыз етуге бағытталған.

Естеріңізге сала кетейік, мұндай мәліметтерді тәулік бойы жұмыс істейтін апаттық-диспетчерлік қызмет телефон арқылы қабылдайды:
• 59-52-60
• 55-81-69
• 54-19-19
• 56-36-87

Сондай-ақ, сіз бізге телеграм-чат және Instagram парақшасы @aqtobesu арқылы хабарласа аласыз. Біз әрқашан байланыстамыз!

Бөлісу: