№7 сорғы станциясындағы тексеру жұмыстары

Image

№7 сорғы станциясындағы тексеру жұмыстары

Бүгін №7 Кәріз су сорғылау бекетіне келіп түсетін өздігінен ағатын коллекторда ысырмаға ревизия жүргізіліп, дайындық жұмыстары атқарылды. Сонымен қатар, құдық ішін тазалау жұмыстары да жүзеге асырылды.

Осындай тазалық шаралары кезінде қызметкерлеріміз кәріз жүйесінен шүберек, ескі киім, балалар жөргегі, пластик бөтелке мен тұрмыстық қалдықтарды жиі шығарады. Мұндай заттар кәріз желісін бітеп, жүйенің қалыпты жұмыс істеуіне айтарлықтай кедергі келтіреді. Бұл сорғылау бекеттерінің істен шығуына, апаттық жағдайлардың туындауына себеп болуы мүмкін.

Құрметті тұрғындар, кәріз жүйесіне қоқыс пен тұрмыстық қалдықтарды тастамауларыңызды сұраймыз. Кәрізге тек тұрмыстық ағын сулар ғана төгілуі тиіс.
Тазалық пен қауіпсіздік – бәрімізге ортақ жауапкершілік.

Бөлісу: