27.06.2025
Бүгінгі Бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлері күні
Бүгінгі Бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлері күні – жаңалық пен жауапкершілікке адал жандардың, оқырман мен қоғам арасын жалғап тұрған кәсіби көпір иелерінің мерекесі. Қоғамның көзін ашып, шындықты ту еткен еңбектеріңіз – нағыз жанқиярлықтың үлгісі. Әрбір сөзіңіз – сенім, әрбір жариялаған материалыңыз – азаматтық ұстанымның көрінісі.
Сіздерге тың идея, таусылмас шабыт, адал оқырман мен шынайы алғыс тілеймін. Қандай уақытта да қаламдарыңыз мұқалмасын, шындыққа деген серттен таймаңыздар. Ақпарат майданындағы абыройлы еңбектеріңіз бағаланып, әрқашан құрмет төрінен табылғай!
Құрметпен,
«Aqtobe su-energy group» АҚ Бас директоры
Қуандық Қасымов