Бүгін КСБ-15 (кәріз сорғылау бекеті) нысанында жөндеу жұмыстары жүргізілді

Image

Бүгін КСБ-15 (кәріз сорғылау бекеті) нысанында жөндеу жұмыстары жүргізілді

Ақтөбе қаласының 12-шағын ауданында орналасқан КСБ-15 нысанында ревизия және ағымдағы жөндеу жұмыстары атқарылды. Жұмыстар барысында ысырмаларды тексеру, тазалау және ауыстыру шаралары жүзеге асырылды.

Аталған нысанның құбырының диаметрі – 1000 мм. Бұл бекетке Мәскеу, ГМЗ және Авиақалашық аудандарынан кәріз сулар келіп түседі. Тазалау кезінде құбыр ішінен тұрмыстық қалдықтар мен шүберектердің көп мөлшері табылды. Бұл бейнежазбада да анық көрініс тапты. Мұндай қалдықтар кәріз жүйесінің жұмысын қиындатып, апатты жағдайлардың туындауына себеп болуы мүмкін.

Бөлісу: