Бүгін ҚР кәсіподақтар Федерациясының алаңында су тасқынынан зардап шеккен Ақтөбе қаласының тұрғындарымен кездесу өтті.
Бүгін ҚР кәсіподақтар Федерациясының алаңында су тасқынынан зардап шеккен Ақтөбе қаласының тұрғындарымен кездесу өтті. Іс-шараға осы қиын күндерде тұрғындарға көмек көрсеткен еріктілер мен әскери қызметшілер де қатысты. ҚР Кәсіподақтар федерациясының атынан зардап шеккендерге, соның ішінде біздің қызметкерлерге де ақшалай сертификаттар табысталды.
Естеріңізге сала кетейік, су тасқыны кезінде «Aqtobe su-energy group» АҚ Бас директоры Қуандық Қасымовтың тапсырмасы бойынша су тасқыны кезінде зардап шеккен әріптестеріміздің үйлеріне келтірілген залалды бағалау үшін комиссиялық штаб құрылған болатын. Біздің ұйым атынан 15 әріптесімізге ақшалай көмек көрсетілді.
Осы қиын күндерде шетте қалмаған барлық әріптестерімізге алғысымызды білдіреміз!
БІЗДІҢ КҮШІМІЗ - БІРЛІКТЕ!