Бүгін «Aqtobe su-energy group» АҚ барлық нысандарында бір мезгілде кең ауқымды сенбілік өтті.
Бүгін «Aqtobe su-energy group» АҚ барлық нысандарында бір мезгілде кең ауқымды сенбілік өтті. Ұжым болып жұмыла кірісіп, аумақтарды қоқыстан, құрғақ бұтақтардан тазаладық. Бұл шараға 400-ден астам қызметкер белсене қатысып, әрқайсысы ортақ іске өз үлесін қосты.
Мұндай игі бастамалар ұжымды біріктіріп қана қоймай, ұйымшылдықты арттырады. Ортақ еңбек – ортақ нәтиже екенін тағы бір дәлелдедік. Таза әрі көрікті қала ортасы – біздің қолымызда. «Таза Қазақстан – таза аймақ, таза болашақ!» қағидасын ұстанған біз әрқайсымыздың атқарған еңбегімізді келешек ұрпаққа жасалған игі іс деп білеміз.
Біз баршаңызды сенбіліктерге белсене қатысуға шақырамыз! Әрқайсымыздың тазалыққа қосқан үлесіміз – болашақ ұрпақ үшін жасалған игі іс. Тазалық мәдениеті – қоғам өркениетінің көрсеткіші, сондықтан әр азаматтың жауапкершілігі ортақ іске ықпал етеді. Бәрі өзімізден басталады!