Кәріз жүйесі – қоқыс жәшігі емес!

Image

Кәріз жүйесі – қоқыс жәшігі емес!

Кәріз жүйесінің маңызын күнделікті байқай бермесек те, оған немқұрайлы қарау үлкен мәселелерге әкелуі мүмкін. Құбырлардың бітелуі – дұрыс пайдаланбаудың нәтижесі.

Кәрізге келесі заттарды тастауға қатаң тыйым салынады:

  1. Тамақ қалдықтары мен май құбырлар қабырғасына жиналып, жүйенің өткізу қабілетін төмендетеді.
  2. Гигиеналық заттар, сулы майлықтар, памперстер, құлақ тазартқыштар суда ерімей, құбырларды тез бітейді.
  3. Пластик пен қағаз қалдықтары жиналып, су тежеуіне әкеледі.
  4. Тұрмыстық химия су тазарту жүйелеріне зиянын тигізіп, экологияны ластайды.

Құбырлардың ұзақ уақыт қызмет етуі үшін:

  1. Тамақ қалдықтарын қоқысқа тастаңыз.
  2. Майды арнайы контейнерлерге жинаңыз.
  3. Қатты қалдықтарды қайта өңдеуге жіберіңіз.

Табиғатты қорғау – өзімізді қорғау! Экологиялық жауапкершілікті бірге көтерейік!

Бөлісу: