Су бұру қызметтеріне бекітілген тарифті төмендету

Image

Су бұру қызметтеріне бекітілген тарифті төмендету

2024 жылғы 1 тамызда Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Ақтөбе облысы бойынша департаменті (бұдан әрі – ТМРКД) 2023 жылға арналған инвестициялық бағдарламаны орындамағаны үшін «Aqtobe su-energy group» АҚ-на өтемдік тариф қолданды. Соның нәтижесінде кәсіпорын су бұру қызметі бойынша бекітілген тарифті 12,62%-ға төмендетуге мәжбүр болды.

Бүгінгі таңда өтемдік тарифті енгізу туралы ТМРКД бұйрығының мерзімі аяқталуына байланысты, 2025 жылғы 1 мамырдан бастап 2021-2025 жылдарға арналған ұзақ мерзімді тарифтер шеңберінде 2020 жылы бекітілген су бұру қызметі бойынша тарифке көшу жүзеге асырылатынын хабарлаймыз. 1 м³/теңге қосымша құн салығын қоса есептегенде тариф мөлшері төмендегідей:

• Тұрғындар үшін – 133.9968
• Бюджеттік ұйымдар үшін – 563.1136
• Өзге тұтынушылар үшін – 411.1632
• Энергетика кешені кәсіпорындары үшін – 147.6944
• Ассенизациялық машиналар үшін – 133.9968

Бөлісу: