«Aqtobe su-energy group» АҚ қызметкерлері күшейтілген жұмыс режиміне көшті

Image

«Aqtobe su-energy group» АҚ қызметкерлері күшейтілген жұмыс режиміне көшті

«Aqtobe su-energy group» АҚ қызметкерлері қала тұрғындарын үздіксіз әрі сапалы коммуналдық қызметтермен қамтамасыз ету үшін күшейтілген жұмыс режиміне көшті. Мереке күндерінде де олар тәулік бойы тынымсыз еңбек етуде.

Мамандарымыз тәулік уақытын ескермей, тұрғындарды ауыз сумен үздіксіз қамтамасыз етуге, ағынды сулардың тиімді жиналуын және тұрақты жылу беру жүйесін бақылауға бар күшін салуда.

Естеріңізге сала кетейік, өтініштерді тәулік бойы жұмыс істейтін апаттық-диспетчерлік қызметке 740-444 нөмірі арқылы жолдауға болады. Сондай-ақ бізбен Telegram чаты арқылы t.me/aqtobesuchat және Instagram парақшасы @aqtobesu арқылы да байланысуға мүмкіндік бар.

Барлық өтініштерге жедел жауап беруге кепілдік береміз!

Бөлісу: