18.09.2025
«Aqtobe Su-Energy Group» АҚ қызметкерлері күшейтілген режимде жұмысын жалғастыруда
«Aqtobe su-energy group» АҚ мамандары қала тұрғындарын сапалы әрі үздіксіз коммуналдық қызметтермен қамтамасыз ету мақсатында күшейтілген режимде жұмыс атқаруда.
Мамандарымыз тәулік уақытына қарамастан тұрғындарды ауыз сумен, ыстық сумен үздіксіз қамтамасыз етіп, кәріз жүйесінің тұрақты жұмысын бақылауда.
Естеріңізге сала кетейік, тәулік бойы жұмыс істейтін апаттық-диспетчерлік қызметке 740-444 нөмірі арқылы хабарласа аласыз. Сондай-ақ бізбен Telegram-чаты арқылы: t.me/aqtobesuchat және Instagram парақшасы: @aqtobesu арқылы байланысуға мүмкіндік бар.
Барлық өтініштерге жедел әрі толық жауап берілетініне кепілдік береміз!