Премьер-Министрдің кеңесшісі «Aqtobe Su-Energy Group» АҚ нысандарын аралады.

Image

Премьер-Министрдің кеңесшісі «Aqtobe Su-Energy Group» АҚ нысандарын аралады.

Премьер-Министрдің кеңесшісі Ермек Маржықпаев жұмыс сапарымен «Aqtobe su-energy group» АҚ-на қарасты жылу нысандарында болды. Сапар барысында ол «Қазандық», «Батыс-2» және «Есет батыр» қазандықтарының жұмысымен танысып, жабдықтардың техникалық жай-күйін және жылыту маусымының өту барысын тексерді.

Кәсіпорынның Бас директоры Алдияров Нағымжан Смағұлұлы жылыту маусымының тұрақты өтуін қамтамасыз ету мақсатында жүргізілген жөндеу, жаңғырту және автоматтандыру жұмыстары туралы баяндады. Әрбір қазандықта жаңа технологиялық жабдықтар орнатылып, қауіпсіздік пен тиімділікті арттыру бағытында кешенді шаралар қолға алынған.

Ермек Боранбайұлы жұмыстың жүйелі ұйымдастырылғанын, өндірістік тәртіптің сақталғанын және қызметкерлердің жоғары кәсіби деңгейін ерекше атап өтті. Ол қазандықтардың үздіксіз әрі сенімді жұмысы — Ақтөбе қаласын тұрақты жылумен қамтамасыз етудің басты кепілі екенін айтты.

Сапар соңында кеңесші ұжымның еңбегіне ризашылық білдіріп, инфрақұрылымды дамыту мен тұрғындарға сапалы қызмет көрсетудегі табандылықтары үшін алғыс айтты.

Бөлісу: