11.11.2025
Энергетикалық кәсіпорындар арасындағы спартакиада қызу қарқынмен жалғасуда.
Тоғызқұмалақ спорт түрінен өткен жарыстар жоғары деңгейде ұйымдастырылып, тартысты әрі қызықты өтті.
Біздің «Aqtobe su-energy group» командасының атынан Дабыл Асхат, Берекет Нұржан және Керімбекова Гүлвира бақтарын сынады. Олар ойын барысында зейін мен сабырлылықты, есептеу шеберлігін және нағыз командалық рухты көрсетті.
Тоғызқұмалақ — ой мен парасаттың, шыдам мен шеберліктің ойыны.
Біздің спортшылардың көрсеткен өнері — ұжымның бірлігі мен табандылығының айғағы.
Спартакиада жалғасуда, алда жаңа сайыстар мен жаңа жеңістер күтіп тұр!
