Иесіз үйлер үшін техникалық дайындық актісін алу бойынша анықтама.

Image

Иесіз үйлер үшін техникалық дайындық актісін алу бойынша анықтама.

Жыл сайын, жылыту кезеңі басталар алдында біздің тұтынушыларымыз Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес жылыту маусымына дайындық қажеттілігі туралы хабардар етіледі. Жылыту маусымына, атап айтқанда, иесіз үйлерге толық дайындық жүргізбейтін тұтынушылар бар, бұл өз кезегінде жылумен жабдықтаудың жеткіліксіздігіне әкеледі.

Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2014 жылғы 18 желтоқсандағы №211 бұйрығымен бекітілген жылу энергиясын пайдалану қағидаларының 5-қағида 33-тармағына сәйкес жылумен жабдықтауды қамтамасыз ету мақсатында тұтынушы әрбір жылыту маусымының алдында қабылдау-тапсыру (техникалық дайындық актісінде көзделген техникалық) сынақтарын (Гидропневматикалық сынақтар) және жылу тұтыну қондырғыларын баптауды жүргізеді.

Ағымдағы жылы тиімділікті арттыру және тұтынушыларға жүктемені азайту мақсатында «Aqtobe su-energy group» АҚ жылыту маусымына техникалық дайындық актісін беру рәсімін жеңілдетті. Сондай-ақ, тұтынушы өтініш бере алады және техникалық дайындық актісін қашықтықтан – электрондық пошта арқылы ала алады.

Сондай-ақ, жоғарыда аталған Қағидалардың 62-тармағына сәйкес, үй меншігін құрайтын жалпы үй энергетикалық желілерін тиісті техникалық жағдайда ұстау және олардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету қызмет көрсететін ұйымның міндеті болып табылады.

Жоғарыда көрсетілген ережелерде көзделген жылумен жабдықтау объектілерін дайындау жөніндегі іс-шараларды орындамау жылумен жабдықтау сапасына теріс әсер етеді.

Иесіз үйлер үшін үйдің аға қызметкерін, жауапты қылып анықтаулары қажет.

Бөлісу: