24.06.2025
Жиенбаев көшесі: су құбыры желілері жаңартылуда
«Aqtobe su-energy group» АҚ мамандары инженерлік желілердің тозуын азайту және жүйенің сенімділігін арттыру мақсатында күрделі жөндеу жұмыстарын өз күштерімен жүргізуде.
Қазіргі уақытта Жиенбаев көшесі бойымен Ташкент көшесінен Панфилов көшесіне дейінгі аралықта диаметрі 160 мм болатын ескі су құбыры заманауи полиэтилен құбырына ауыстырылуда. Жұмыстың жалпы ұзындығы – 210 метр.
Ауызсу шектеусіз беріледі. Бұл шаралар желілердің ұзақ мерзімділігін қамтамасыз етіп, қызмет сапасын жақсартуға бағытталған.