Құрметті ақтөбеліктер!
«Aqtobe su-energy group» АҚ Төменгі Қарғалы бастоғанының II сорғы станциясының ескі желілерін жаңа су құбырларына ауыстыру бойынша жоспарлы жұмыстарды жүргізуге байланысты, 2025 жылғы 14 қазанда сағат 09:00 - ден 2025 жылдың 15 қазаны сағат 09:00-ге дейін ауыз сумен жабдықтау уақытша шектелетіндігін хабарлайды.
Сумен жабдықтауды шектеу Ақтөбе қаласының келесі аудандарына қатысты болады:
Саяжай ТМ-1,2, Кірпіш ТМ, Заречный ТМ-1,2, Курмыш, Тұрғындар қалашығы, Қонаев көшесі ауданы, Жағажай көшелері.
Аталған аудандардың тұрғындарынан ауыз судың қажетті мөлшерін алдын ала алып қалуды сұраймыз.
Жұмыстар аяқталғаннан кейін сумен жабдықтау толық көлемде қалпына келтірілетін болады.
Уақытша қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз және түсіністік танытқандарыңыз үшін алғыс айтамыз.
