14.10.2025
Құрметті ақтөбеліктер!
Қалалық құрылыс бөлімінің тапсырысы бойынша мердігер мекеме «Мелиоратор» ЖШС Жоғарғы Қарғалыдан Төменгі Қарғалыға дейін диаметрі 600 мм, жалпы ұзындығы 16 шақырым болатын су құбырын алмастыру жұмыстарын жүргізді.
Аталған жоба құбыр желілерінің тозу деңгейін төмендету және қаланың сумен жабдықтау жүйесінің сапасын арттыру мақсатында жүзеге асырылуда.
Қазіргі таңда «Aqtobe su-energy group» АҚ мамандары ескі су желісін жаңа желіге қосу жұмыстарын атқарып жатыр. Жөндеу және қосу жұмыстары толық аяқталғаннан кейін ауыз су беру жүйесі толық көлемде қалпына келтірілетін болады.
Түсіністік танытып, қолдау білдіргендеріңізге алғыс айтамыз!
