25.10.2025
Құрметті ақтөбеліктер!
Сіздерді ұлық мереке — Республика күнімен құттықтаймын! Бұл күн – ел тәуелсіздігін нығайту жолындағы тарихи шешімдер мен жаңа белестердің бастауы болған ерекше мереке. Республика күні – бірлігіміздің, елдік рухымыздың және ортақ мақсатқа деген сеніміміздің нышаны.
Біздің басты құндылығымыз – туған елімізге деген сүйіспеншілік пен Отанға адал қызмет ету. Ортақ еңбегіміз арқылы халқымыздың тұрмыс сапасын арттырып, еліміздің дамуына өз үлесімізді қоса береміз деп сенемін.
Мереке құтты болсын! Әр шаңыраққа амандық, бірлік пен береке тілеймін!
Құрметпен, «Aqtobe su-energy group» АҚ Бас директоры
 Нагымжан АЛДИЯРОВ

