Құрметті ақтөбеліктер!
«Aqtobe su-energy group» АҚ 2025 жылға арналған инвестициялық бағдарлама аясында сумен жабдықтау, су бұру және жылумен жабдықтау желілерін жаңарту жұмыстарын жалғастыруда. Бұл бастамалар инженерлік инфрақұрылымды жетілдіріп, тозығы жеткен желілердің үлесін азайтуға бағытталған.
Қазіргі уақытта Тайманов көшесінде диаметрі 160 мм, 30 жылдан астам пайдаланылған су құбыры 1 шақырымға дейін жаңартылып жатыр. Бұл учаске жаңарту жоспарына кірмегенімен, ЖКХ мердігер мекемесі асфальт төсемес бұрын, біз алдын ала жөндеу жұмыстарын өз күшімізбен жүргізуге шешім қабылдадық.
Жалпы, сумен жабдықтау бойынша – 13 км, кәріз жүйесі бойынша – 6,2 км, ал жылумен жабдықтау желісі бойынша – 3 км желіні жаңарту жоспарланған. Кепілдік міндеттемелеріне сәйкес, барлық абаттандыру жұмыстары толық қалпына келтіріледі.
Сонымен қатар, 12–14 мамыр аралығында Ақтөбе қаласы мен Есет батыр шағын ауданында ыстық су беру уақытша тоқтатылады. Осы кезеңде «Aqtobe su-energy group» АҚ пен «Ақтөбе ЖЭО» АҚ бірлесіп, магистральдық және ішкі кварталдық жылу желілеріне жыл сайынғы көктемгі гидравликалық сынақтар жүргізеді. Жұмыстар аяқталған учаскелерге ыстық су кезең-кезеңімен беріледі.