Құрметті ақтөбеліктер!
Ақтөбе қаласындағы магистральдық және iшкі кварталды жылу желілерінің жыл сайынғы күзгі гидравликалық сынақтары сәтті аяқталып, ыстық сумен жабдықтау қалпына келтірілгені жайында хабарлаймыз.
Алайда, Ә.Молдағұлова даңғылында жылу желісінде ақау анықталды, аталған учаскеде жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Осыған байланысты келесі мекенжайлар бойынша уақытша шектеу болады:
• Ә.Молдағұлова даңғылы, №3, 5, 5А, 7, 9, 11А, 11Б, 11В, 11Г, 13;
• Тілепбергенов көшесі, №78, 80;
• Әбілқайыр хан даңғылы, №69.
Қалпына келтіру шаралары аяқталғаннан кейін ыстық су толығымен беріледі.
Гидравликалық сынақтар жылына екі рет өткізіледі: көктемде жылыту маусымы аяқталғаннан кейін және күзде басталғанға дейін. Бұл сынақтар әлсіз жерлерді анықтауға және маусым бойы сенімді жылумен қамтамасыз етуге бағытталған.
Ыстық судың қысымы әлсіз болған жағдайда жергілікті басқару нысанының өкілдеріне немесе 740-444 нөмірі бойынша авариялық-диспетчерлік қызметке жүгінуді ұсынамыз.