Құрметті әріптестер, спортшылар және достар!

Image

Құрметті әріптестер, спортшылар және достар!

Бүгін Ақтөбе қаласында энергетикалық кәсіпорындар арасындағы дәстүрлі Спартакиада өз жалауын көтерді!

Бұл мереке – тек спорттық сайыс емес, бұл – бірлік пен рухтың, ұйымшылдық пен табандылықтың символы. «Aqtobe su-energy group» командасы әрқашан өз еңбегімен, жауапкершілігімен және нәтижеге деген ұмтылысымен ерекшеленіп келеді.

Бүгін осы қасиеттер спорт алаңында көрініс табуда. Біздің командаға зор жігер, сәттілік және лайықты жеңіс тілейміз! Әрбір ойын қуаныш пен жақсы көңіл-күй сыйлап, ұжымдық рухты одан әрі нығайтсын.

Бастысы – жеңіс емес, достық пен бірлік рухы! Алға, Aqtobe su-energy group!

Бөлісу: