Құрметті тұрғындар!
Соңғы уақытта интернет-алаяқтық жағдайлары жиілеп кетті. Бейтаныс адамдар өздерін “Aqtobe su-energy group” АҚ қызметкерлері ретінде таныстырып, растау кодтарын сұрауда немесе «есептегіш құралды ауыстыру, тексеру үшін мамандар жібереміз» деп алдауда.
“Aqtobe su-energy group” АҚ қызметкерлері ешқашан телефон не мессенджер арқылы растау кодтарын сұрамайтыңдығы жайында Ресми түрде хабарлаймыз.
Мамандардың келуі тек ресми арналар арқылы алдын ала хабарланып, келісілген жағдайда ғана жүзеге асырылады. Барлық төлемдер тек кассада немесе ресми сервистер арқылы қабылданады.
Сіздерден сақ болуды сұраймыз!
Жеке деректеріңізді, растау кодтарын бөгде адамдарға бермеңіздер.
Күмәнді жағдай туындаса, “Aqtobe su-energy group” АҚ колл-орталығының ресми нөміріне хабарласыңыздар.
Өзіңізді және деректеріңізді қорғаңыз!