Құрметті тұрғындар!

Image

Құрметті тұрғындар!

«Aqtobe su-energy group» АҚ мамандары өз күшімен инженерлік желілерді қайта жаңғырту жұмыстарын жалғастыруда.

8-10 қыркүйек аралығында 11-шағын аудан, №112 үй маңында орналасқан «Ақтөбе Ажары» тұрғын аймағында ұзындығы 120 метрді құрайтын жылу желісі қайта жаңғыртудан өтеді. Осыған байланысты 11, 12-шағын аудандарда және «Болашақ» шағын ауданында уақытша ыстық су беру шектеледі.

Жоба аясында магистральдық құбырларға күрделі жөндеу жүргізіліп, жылумен жабдықтау жүйесінің сенімділігі мен тиімділігі артады.

Жұмыс аяқталғаннан кейін абаттандыру толық қалпына келтіріліп, қазылған учаскелер ретке келтіріледі.

Уақытша қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз және түсіністік танытқандарыңызға алғыс білдіреміз!

Бөлісу: