Құрметті Ақтөбе қаласының тұрғындары!
Сіздерді келе жатқан Жаңа жылмен құттықтаймын! Өткен жыл қала өмірінде жауапты кезең болып, бірлік пен табандылықты талап етті. Осындай сәттерде сіздердің түсіністік пен қолдауларыңыз, ортақ іске деген сенімдеріңіз біз үшін аса маңызды болды.
Коммуналдық-энергетикалық салада атқарылып жатқан жұмыстардың барлығы — қала тұрғындарының жайлы әрі қауіпсіз өмір сүруіне бағытталған. Инфрақұрылымды дамыту, қызмет сапасын арттыру және тұрақтылықты сақтау жолында біз алдағы уақытта да жүйелі әрі жауапты жұмысымызды жалғастыра береміз.
Жаңа жыл әр шаңыраққа денсаулық, амандық, береке мен молшылық әкелсін. Баршаңызға бейбіт өмір, игі бастамалар мен жарқын жетістіктер тілеймін. Жаңа жыл құтты болсын!
Құрметпен, «Aqtobe su-energy group» АҚ Бас директоры
Нагымжан АЛДИЯРОВ