16.01.2026
Құрметті қала тұрғындары!
«Aqtobe su-energy group» АҚ тұтынушыларға коммуналдық қызметтер үшін төлемді уақытылы жүргізу және есептеу аспаптарының көрсеткіштерін белгіленген мерзімде тапсыру қажеттігін ескертеді.
Аталған талаптарды уақытында орындау төлемдердің дұрыс есептелуін, инженерлік желілердің тұрақты жұмысын және коммуналдық қызметтердің үздіксіз көрсетілуін қамтамасыз етеді.
Осыған байланысты тұтынушылардан 25 қаңтарға дейін коммуналдық қызметтер үшін төлем жасап, есептегіш құралдарының көрсеткіштерін тапсыруды сұраймыз.