08.05.2025
Құрметті қала тұрғындары!
Сіздерге 12-16 мамыр аралығында Ақтөбе қаласы мен Есет батыр шағын ауданында (бұрынғы Нұр Ақтөбе) ыстық су беру уақытша шектелетінін еске саламыз.
12-14 мамыр күндері «Aqtobe su-energy group» АҚ магистральдық және ішкі кварталдық жылу желілеріне гидравликалық сынақтар жүргізеді.
15-16 мамыр күндері бұл жұмыстарды «Ақтөбе ЖЭО» АҚ жалғастырады.
Жұмыстар аяқталған учаскелерге ыстық су кезең-кезеңімен қайта қосылады.
Түсіністік пен сабырлық танытқандарыңыз үшін алғыс білдіреміз!