03.09.2025
Құрметті қала тұрғындары!
Сіздерге 10-15 қыркүйек аралығында Ақтөбе қаласында ыстық су беру уақытша шектелетінін хабарлаймыз.
10-15 қыркүйек күндері «Ақтөбе ЖЭО» АҚ гидравликалық сынақтар жүргізеді.
14-15 қыркүйек күндері магистральдық және ішкі кварталдық жылу желілеріне жыл сайынғы күзгі гидравликалық сынақтарды «Aqtobe su-energy group» АҚ жалғастырады.
Жұмыстар аяқталған учаскелерге ыстық су 16 қыркүйектен бастап кезең-кезеңімен қайта қосылады.
Түсіністік пен сабырлық танытқандарыңыз үшін алғыс білдіреміз!