28.10.2025
Құрметті Ақтөбе қаласының тұрғындары!
«Aqtobe Su-Energy Group» АҚ соңғы уақытта қала аумағындағы кәріз құдықтарына ассенизаторлық көліктердің кәріз суларын (нечистоттарды) заңсыз төгу деректері жиілегенін хабарлайды.
Биылғы жылы осындай 12 құқықбұзушылық фактісі тіркелді. Естеріңізге саламыз, мұндай әрекеттер Әкімшілік құқықбұзушылық болып саналады және қаланың экологиялық жағдайына зор зиян тигізеді, сонымен қатар кәріз жүйесінің бітелуіне және апатты жағдайлардың туындауына әкеледі.
Құрметті тұрғындар, бейжай қарамауларыңызды сұраймыз!
Егер сіз заңсыз төгу фактісіне куә болсаңыз:
- құқықбұзушылықты видеоға түсіріңіз;
- оқиға болған күнді, уақытты және нақты мекенжайды көрсетіңіз;
- ақпаратты «Aqtobe Su-Energy Group» АҚ-на жіберіңіз;
- сондай-ақ 102 нөміріне хабарласыңыз.
Қаламыздың тазалығын бірге сақтайық!
