Құрметті Ақтөбе қаласының тұрғындары!
«Aqtobe su-energy group» АҚ қала тұрғындары үшін жаңа #3 абоненттік бөлім ашты. Бөлім Алматы ауданы әкімдігі ғимаратында, Сарыжайлау көшесі, 20Б мекенжайында орналасқан.
Бұл бөлім Есет батыр, Қарғалы, Ақжар-1, Ақжар-2, Украинка, Кеңес Нокин, Пригородный, Ақшат, Шилісай және өзге де жақын орналасқан тұрғын массивтері үшін қызмет көрсетуді жеңілдету мақсатында ашылды.
Жаңа абоненттік бөлімде сіздер:
• су, кәріз және жылу қызметтері үшін төлем жасай аласыздар;
• есептегіш құралдардың көрсеткіштерін тапсыра аласыздар;
• пломбалау, пломбаны алу және басқа да өтініштерді рәсімдей аласыздар;
• барлық қызмет түрлері бойынша есеп-қисап және төлемдер жөнінде толық ақпарат ала аласыздар.
Жұмыс кестесі:
С 08:30 до 18:00
Түскі үзіліс: 12:30 – 14:00
Сенбі: 08:30 – 12:30
Жаңа бөлімнің ашылуы тұрғындарға көрсетілетін қызметтің қолжетімділігін, жылдамдығын және сапасын арттыруға мүмкіндік береді
