Құрметті Есет батыр шағынауданының тұрғындары!

Image

Құрметті Есет батыр шағынауданының тұрғындары!

25–27 тамыз аралығында ыстық су беру уақытша тоқтатылатыны жайында хабарлауға мәжбүрміз.

Бұл күндері «Aqtobe su-energy group» АҚ мамандары «Ақтөбе-Сити» қазандығының жылу желілерінде жоспарлы тексеріс – жыл сайынғы гидравликалық сынақ жұмыстарын жүргізеді.

Ыстық су беру 27 тамыздан бастап кезең-кезеңімен қайта қосылады. Уақытша қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз және түсіністік танытқандарыңызға алғыс білдіреміз!

Бөлісу: