Ақтөбеде жылу беру маусымына дайындық жұмыстары қарқынды жүруде.
Ақтөбеде жылу беру маусымына дайындық жұмыстары қарқынды жүруде. «Aqtobe su-energy group» акционерлік қоғамы қала бойынша 6,2 шақырым жылу желісін жөндеуден өткізді. Қазір жаз бойы жүргізіліп жатқан жұмыстар аяқталу сатысында. Соның бірі - «Ақтөбе ажары» тұрғын үй кешені ауданындағы ескірген жылу құбырларын жаңасына ауыстыру жұмыстары.
Аталған учаскеде болған қала әкімі Азамат Бекетке «Aqtobe su-energy group» АҚ басшылығы жұмыстардың аяқталғаны, жаңаланған құбырды гидравликалық сынақтан өткізгендерін жеткізді.
«Біз қазір “Ақтөбе ажары” тұрғын үй кешенінің алдында жылу желісіне күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізіп жатырмыз. Осы бөлікте тозығы жеткен ескі тұрбалардың орнына диаметрі 720 мм болатын, жылу сақтағыштық қабілеті жоғары құбыр орнаттық. Компенсатор қойдық екі жерден. Бұл жылу құбырларынан “Болашақ”, 12-ші шағын аудан жылу алады», - бас инженердің орынбасары Жанболат Сарманов.