30.09.2025
Ақтөбе қаласында 1 қазаннан бастап жылыту маусымы басталады
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы №148 «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 33 және 37-баптарына, сондай-ақ «Ақтөбе облысында жылыту маусымына дайындық және оны өткізу қағидалары туралы» ережесінің 38-1-тармағына сәйкес, сыртқы ауаның тәуліктік орташа температурасы +10°С және одан төмен көрсеткішке 5 тәулік қатарынан түсуі күтілуіне байланысты, Ақтөбе қаласында жылыту маусымы 2025 жылғы 1 қазаннан бастап мектептер, интернат үйлері, мектепке дейінгі және медициналық мекемелер, тұрғын үйлер үшін басталады. Қоғамдық ғимараттар және басқа да нысандар үшін 4 қазаннан қосылатын болады.